Қазақстанның оңтүстік облыстарында аптап ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл, Түркістан, Алматы және Атырау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында аптап ыстық болады

6-8 шілде күндері Жамбыл облысында күндізгі ауа температурасы 33-38 °С болады.

6 шілде күні Түркістан облысында күндіз 4 градустық ыстық болады. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жеткі мүмкін.

6 шілдеде Алматы облысында ауа температурасы күндіз 31-36 градусқа дейін көтеріледі.

6 шілде күні түнде Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдауы мүмкін.