Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өзен суының тасу қаупі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өзен суының тасу қаупі жарияланды

«17-18 мамырда жауын-шашынның мол көлемде түсу ықтималдығынан Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы өзен суларының тасу қауіптілігі сақталуда» делінген хабарламада.