Қазақстанның опера әншілері ескі әрі сүйікті фильмдердің әуендерін орындайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  8 сәуір күні «Астана Опера» театрында «Экран әуендері: қайта жүктеу» концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан концерттің биылғы бағдарламасы толық жаңартылған. Көрермен назарына «Менің атым Қожа», «Қыз Жібек», «Тақиялы періште», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Иван Васильевич мамандығын ауыстырады», «Қыздар», «Адам-амфибия», «Үлкен үзіліс», «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен», «Ине», «Бригада» және т. б. кинофильмдерден композициялар бейнеүзіндісімен ұсынылатын болады.

«Тұрақты тыңдармандарымыздың барына өте қуаныштымын, олар бізді асыға күтеді. Адамдар күнделікті қарбалысты ұмытып, концертімізде емін-еркін демалғанын, ал ескі фильмдердің әуендері олардың есіндегі ең жарқын сәттерді оятқанын, жақсы көңіл-күй сыйлағанын қалаймын. Бағдарламаға енген барлық шығарма классикалық нұсқада орындалады, оларды өзім өңдедім. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты ұлттық аспаптарды пайдаланамыз, сондай-ақ кейбір заманауи композицияларды орындау үшін электрлі гитара қолданамыз, - деп атап өтті концерт авторы Әлихан Ыдырысов.        

Танымал және көпшіліктің сүйікті кинофильмдерінің композицияларын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин және Жан Тәпин, сонымен қатар Татьяна Вицинская, Рамзат Балакишиев, Салтанат Бекмағанбетова, Елтай Мұстанов, Қазыбек Досмұхамбетов, Александр Красиков, Ержан Сайыпов және т.б. солистер орындайды.

Концертке қатысатын театр ұжымы - «Астана Опера» театрының Камералық оркестрі, Камералық хоры, ерлер хоры мен балалар хоры, бас хормейстер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Режиссері - Наталья Кагадий. 

Соңғы жаңалықтар