Қазақстанның орталық бөлігіндегі қалаларда ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қараша күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің үш қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Балқаш, Теміртау қалаларында ауаға зиянды заттар шоғырлануына ықпал етеді. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.