Қазақстанның өртке қарсы қызметтерінің 3 маманы кадрлық резервке енгізілмек

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы жоғары аттестациялық комиссиясынан кезектен тыс аттестаттаудан өткен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының 20 қызметкері ішінен 16-сы өздерінің атқарған қызметіне лайықты екенін дәлелдей алды.

Қазақстанның өртке қарсы қызметтерінің 3 маманы кадрлық резервке енгізілмек

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы мен Мәжіліс депутаттарының кездесуі барысында ҚР ТЖМ Кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры Ержігіт Құлтаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, жоғары аттестациялық комиссия 3 қызметкерді жоғары тұрған лауазымға жылжыту аясында кадрлық резервке енгізуді ұсынды. Ал 13 қызметкер атқарған қызметіне сәйкес келеді деп танылды.

«Екі қызметкер атқарған қызметіне сәйкес келмейді деп танылып, қызметінен төмендетуге ұсынылды. Сонымен қатар атқарған қызметіне лайықты емес деп белгіленген 2 қызметкерді басқа қызметке ауыстыруға ұсыныс берілді»,-деді Е. Құлтаев.