Қазақстанның өсімдік майы Қытай нарығын шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннан алғаш рет дайын өнім - 2 мың тонна күнбағыс және рапс майы Қытайға экспортталады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Кәсіпкерлер палатасы азық-түлік комитеті хатшылығының басшысы Ербол Есенеевтің айтуынша, бүгінгі дейін Қазақстаннан май экспорты негізінен шикізат түрінде жөнелтіліп келген болатын. Қытайлық өңдеушілер рапс, күнбағыс, соя тұқымын алып, оны өңдеп, өнім алатын.

«Енді Қазақстанның тарихында алғаш рет 2 мың тонна май жөнелткелі отырмыз. Бұл әрине әлдеқайда тиімді. Мәселен, біз бұған дейін тұқымды негізінен Қытайға орташа құны келісіне 100-125 теңгеден экспорттасақ, майдың келісі 300-315 теңгеден айналады», - дейді ол. Оның айтуынша, аталған өнім бүгінгі күні Алматы қаласында 88 контейнерге тиелген, наурыздың 20-сына қарай теміржол құрамымен жөнелтілу үшін дайын тұр.

«Қытай Қазақстаннан өсімдік майларын жеткізіліп тұруына мүдделі. Өйткені, соңғы уақытта олардың нарығында осы өнімді тұтыну артып отыр. Сонымен қатар, қазақстандық өнім өзінің дәмдік сапасымен, тазалығымен, экологиялық құнарлылығымен ерекше. Сол үшін де Қытайда Қазақстанның майы премиум-классқа жатады, бағасы да 10-15 пайызға жоғары. Сонымен қатар, қытайлық компаниялар өздерінің өндірісін Қазақстанда ұйымдастыруға да қызығушылық танытады. Мәселен, биыл олар Солтүстік Қазақстан облысынан рапс майын өндіретін зауыт салуды бастап, келесі жылы оның өнымын өз нарықтарына сатуға қызығып отыр», - дейді Е. Есенеев.

Соңғы жаңалықтар