17:50, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінде санақ учаскесі ашылды
ТАШКЕНТ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Ақпанның 1-інен бастап Өзбекстандағы Қазақстан азаматтары өз мәліметтерін Ташкенттегі ҚР Елшілігі жанында ашылған санақ учаскесіне ұсына алады.

ҚазАқпарат тілшісіне дипломатиялық өкілдіктен хабарлауынша, консулдық бөлімде Өзбекстанда тұрақты тұрып жатқан 1500-ден астам Қазақстан азаматтары ресми тіркелген. Бұдан басқа елде жүзден астам қазақстандық (дипломаттар, ұлттық компаниялар өкілдіктері мен бірлескен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері) уақытша тұрады. Өзбекстаннан тысқары жерлерге жұмысқа немесе оқуға кеткен ҚР азаматтары жөнінде санақ учаскесі олардың мәліметтерін ала-алмауынан белгілі бір қиындықтар туындауы мүмкін. Сонымен қатар, ҚР Елшілігінде есепке тұрмаған, Өзбекстанға қызмет бабымен немесе жеке шаруаларымен келген қазақстандықтар да ақпан айы бойы санақ учаскесіне өз мәліметтерін бере алады.