Қазақстанның өзен-көлдерінде тәулік ішінде 4 адам суға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның өзен-көлдерінде бір тәуліктің ішінде 4 адам суға кетті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖД комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
None
None

Мәселен, 25 маусымда сағат 19.30-да Павлодар облысының Баянауыл ауылында құтқарушылар күзетпейтін Сабындыкөл көліне суға шомылу кезінде 1968 жылғы ер адам суға кетті. 19.40-та ер адамның денесін куәгерлер судан шығарып алды.

Атырауда 25 маусымда Жайық өзенінде құтқарушылар күзетпейтін алапта балық аулау кезінде 1970 жылы туған ер адама суға батып кетті. 21:10-да ер адамның денесі ҚР ІІМ ТЖК Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының күшімен судан шығарылды.

25 маусымда сағат 21.40-та Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Шыңқожа ауылында құтқарушылар күзетпейтін Таловка өзенінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2014 жылы туған бала ойнап жүріп, абайсызда суға құлап кетті. Баланың денесін куәгерлер сағат 19.45-те судан шығарып алды.  

Бұдан бұрын хабарланғанндай, 25 маусымда сағат 11.20-да Петропавл қаласы маңында құтқарушылар күзетпейтін алапта Есіл өзенінде шомылып жүргенде 2007 жылғы қыз бала суға кетті. 

Соңғы жаңалықтар