Қазақстанның палуан қызы Әзербайжан турнирінде «қола» медаль еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның күрестен әйелдер құрамасы Бакуде 25- 27 шілде аралығында өткен «Голден Гран-при» турнирінің ақтық сынында өнер көрсетуді тәмамдады, деп хабарлайды Спорттық күрес пен күштік спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстанның палуан қызы Әзербайжан турнирінде «қола» медаль еншіледі

«Біздің команда Әзербайжан астанасынан қола медаль олжалап кетіп барады: Жұлдыз Әшімова (53 келі) өз жүлдесін күрессіз еншіледі. Қарсыласы жергілікті спортшы Патимат Багомедова мұның алдындағы тартыста жарақат алып, кіші финалда өнер көрсетуден бас тартты», - делінген хабарламада.

Қалған қыздарымыз үшінші орын үшін күресте жеңіліс тапты. Атап айтқанда, Татьяна Аманжол (48 келі) жапон Юки Ириэге - 10:13, Меруерт Дынбаева (55 келі) мен Гюзель Манюрова (75 келі) беларусьтық палуандар Катерина Ганкарь (3:13) мен Василиса Марзалюкқа (3:8) жол берді.