«Қазақстанның педагогикалық бесігі» кітабын әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады - Дастан Сәтбай

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні қарсаңына орайластырылып шығарылған «Қазақстанның педагогикалық бесігі» кітабы Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледжде ғалымдар қауымының қатысуымен талқыланды. Кітапты айтулы оқу орнын 35 жылдан астам уақыт басқарып келе жатқан белгілі ұстаз, колледж директоры Әлима Жақыпқызы Әбдіхалықова құрастырып шығарды.
None
None

Жиында сөз алғандар бұл еңбектің көрнекі әдістемелік құрал ретінде оқу орындарында пайдалануға болатынын айтты. Тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай: «Кез-келген ұстаз Елбасының келелі жиындардың мінбесінен білім саласы мен ұстаздар мәселесі туралы айтқан сөздерін кітаптан таба алады. Мұндай еңбектерді күнделікті пайдалану арқылы ғана біз ұлттық идеологияны бойымызға сіңіре аламыз», - деген пікірін білдірді.

Бұл еңбек Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесін тойлаған жылы шығарылып отыр. Онда Тәуелсіз еліміздің қалыптасу жолы, Президентіміз Н. Назарьаевтың білім тақырыбындағы атақты сөздері мен дәрістері, шетелдік басылымдардағы өзекті мақалалары қамтылған. Сонымен қатар елімізде педагог кадрларды даярлауға арналған негізгі орта арнаулы білім беру мекемелерінің бірі ретінде Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің тарихи деректерінен де сыр шертеді. Кітаптың үлкен патриоттық тарауы соғыс тақырыбына арналған, онда 1943 жылы «Правда» және «Известия» газеттерінде жарияланған және 2 миллион 631 мың 503 адам қол қойған «Қазақ халқының қазақ жауынгерлеріне хаты» келтірілген. Сондай-ақ, Мәншүктің ерлігі және белгілі кеңес жазушысы Илья Эренбургтің қазақ жауынгерлері туралы эссесі кітаптың елеулі жүгін көтеріп тұр.

Соңғы жаңалықтар