Қазақстанның пенитенциарлық мекемелерінде Рождествоға орай арнайы іс-шаралар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстанның пенитенциарлық жүйесі мекемелерінде Рождество мерекесіне қатысты іс-шаралар өтеді, деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің республикалық ведомствосында.

Қазақстанның пенитенциарлық мекемелерінде Рождествоға орай арнайы іс-шаралар өтеді

«Бас бостандығынан айыру орындарында дін тұту еркіндігіне адам құқықтарын сақтау аясында Рождество, Құрбан айт мерекелері қарсаңында тұрақты түрде шаралар ұйымдастырылады», деді ҚАЖ комитетінде жазасын өтеушілер арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар басқармасының бастығы Марат Таласбаев.

ЕС-164/3 (Петропавл қ. жалпы режім) мекемесіне Петропавл қаласы Вознесенск Кафедералдық Соборының өкілі барады. Ол жазасын өтеушілерді Рождествомен құттықтайды. Кездесу аясында мерекелік түскі ас ұйымдастырылмақ. Қарағанды облысының мекемелерінде діни қызметшілер мерекелік құлшылық ету рәсімін өткізіп, бейбітшілік пен келісім жайлы дәріс оқиды, жазасын өтеушілерді адамдар арасындағы достықты нығайтуға, жақындарына қамқорлық пен мейірімділік танытуға үндейді. ОВ-156/3 (Өскемен қ. жалпы режім) арнайы контингентті мекемесінде шіркеу өкілі «Рождество-Христово» тақырыбында дәріс оқиды», - деді М. Таласбаев.