Қазақстанның репродуктивті және жыныстық денсаулық қауымдастығы екі жобаны іске асырды

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен жиында Қазақстанның репродуктивті және жыныстық денсаулық қауымдастығы атқарылған жұмыс бойыша есеп берді.
None
None

Аталған ұйым биыл екі жоба - «Ана мен бала» және «Репродуктивті денсаулық мектептерін құруды» қолға алып, бірқатар іс-шараларды атқарды. Атап айтқанда, республиканың 14 облысы, Астана және Алматы қалаларында бедеулікті емдеу мен анықтауға арналған тренингтер ұйымдастырылды. Гинеколог пен уролог мамандар өз шеберліктерін шыңдаса, ел азаматтары жыныстық қатынас және ол арқылы таралатын аса қауіпті аурулар туралы жан-жақты ақпарат алды. Сондай-ақ әлеуметтік сала қызметкерлері отбасын құру және контрацепция негіздері бойынша кәсіби біліктіліктерін көтерді.

Негізі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Ана мен бала» және «Репродуктивті денсаулық мектептерін құру» сияқты әлеуметтік жобаларды жыл сайын іске асырып, тиісті шараларды атқарып отырады. Ондай жұмысқа ел бюджетінен 140 млн. теңге бөлінеді.   

Соңғы жаңалықтар