Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің қатысуымен қабылдау өткізді

Шараға қазақстандық ардагерлер, сондай-ақ Мәскеу қаласындағы Братеево ауданынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатысты. Осыған орай Елшіліктің резиденциясында мерекелік дастархан әзірленді.
Кездесу барысында ардагерлер түрлі майдандарда шайқасса да, бір идея мен бір тілекпен барлығы бірге алға жылжып, Ұлы Жеңісті жақындатқандарын айтты. Ұрыс даласында мәңгілікке қалған достарын еске алды.
Ардагерлерді Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалым Оразбақов құттықтады.
Дипломатиялық миссия басшысының айтуынша, бұрынғы Кеңес Одағының астанасы Мәскеуде қазақстандық батырлар (Кеңес Одағының Батырлары Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молдағұлова) атындағы мектептердің жұмыс істеп отырғаны өте маңызды екенін жеткізді. Елші астаналық Братеево ардагерлеріне қазақстандық тараптың бұл ауданда салынып жатқан метро стансасының «Алматылық» деп аталу бастамасын қолдағандары үшін ризашылығын білдірді.
«Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір және амандық тілеймін!», - деді Елші ардагерлерге арнаған сөзінде.