Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде дауыс беру өтуде

МӘСКЕУ. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Бүгін Мәскеуде, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы аясында №143-ші сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде дауыс беру   өтуде

Қазақстан Елшісі Зауытбек Тұрысбеков, Ресей Федерациясындағы қазақстандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары және дипломатиялық өкілдік қызметкерлері алғашқылардың қатарында дауыс берді.

З.Тұрысбековтың айтуынша, бұл учаскеде бүгін 1800-ден астам адам дауыс береді, олардың денін ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер құрайды.