Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі таратылды

АСТАНА ҚазАқпарат – Қазасқтанның Ресейдегі сауда өкілдігін тарату туралы Үкімет қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі таратылсын», - деп жазылған қаулыда.

Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні де айтылған.

Еске салсақ, айдың басында Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігі мекемесін тарататыны хабарланған болатын.

Кейін Қаржы министрі бұл шешімнің себебін түсіндірді.

«Жақында осы жайында Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеме жасады. Бұл тұрғыда қажет емес құрылымдарды оңтайландыру жүріп жатыр. Ресеймен тығыз қарым-қатынас Еуразиялық экономикалық комиссия аясында да бар екенін ескеру керек. Ол жақта Қазақстанның өкілдігі жеткілікті, яғни барлық саладағы мәселені реттей алатын, соның ішінде кәсіпкерлік қызметте өте сауатты адамдар бар. Сонымен қатар, Елшілік жұмыс істеп тұр. Түрлі мемлекеттік құрылымдардан да тиісті өкілдер қызмет етіп жүр», - деген болатын Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар