Қазақстанның сақтандыру нарығы 9 айда орта есеппен 25 пайызға өсті -

"НОМАД Иншуранс" сақтандыру компаниясының Басқарма төрағасы Ринат Ахметьянов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді.
"Сақтандыру нарығы 9 айда орта есеппен 25 пайызға өсті. Бұл біздің компанияда 73 пайызды құрады. Алғашқы жартыжылдықта автосақтандыруда қарқынды өсім болды. Алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шет елден көлік әкелу 2 еседен астам өсті. Бұл сырттан әкелінетін көлікті тіркеудегі жеңілдікке байланысты орын алды", - дейді Р, Ахметьянов. Оның айтуынша, бұған жол полициясының автосақтандыру бойынша жүргізушілердің міндетті сақтандыру полисін алуына байланысты бақылауды күшейтуі де өз ықпалын тигізді. Автосақтандыру нарығындағы көшбасшы компания жетекшісінің айтуынша, олар ұсынып отырған көлікті бұзылудан сақтандыру жөніндегі жаңа өнімі нарыққа қалай ықпал ететін болжау қазір қиын. Бұл туралы тек алдағы жартыжылдықтың қорытындысы шыққан кезде ғана айтуға болады.