Қазақстанның санитарлық авиациясы 300-ден астам пациентке көмек көрсетті

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылғы маусымда Республиалық үйлестіру орталығы ашылғаннан бері санитарлық авиация 305 рет ұшып шықты, деп хабарлады «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанның санитарлық авиациясы 300-ден астам пациентке көмек көрсетті

2011 жылғы 12 шілдеден қараша айына дейін 305 ұшу орындалып, 125 пациентке медициналық көмек көрсетілді, 197 пациент республикалық және облыстық клиникаларға жеткізілді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, санитарлық авиация орталығы «Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ базасында ашылған болатын.