14:32, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
Қазақстанның сауда саласы соңғы 5 жылда 13-15 пайыз өсім көрсетуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сауда саласы соңғы 5 жылда 13-15 пайыз өсім көрсетуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко мәлім етті.

Оның атап өтуінше, еліміздегі сауда саласы экономикамыздың маңызды бөлігінің біріне айналып отыр. Бүгінгі күні оның нақты көлемі 5,3 трлн. теңгені құрайды.
«Соңғы 5 жыл бойы еліміздегі сауда көлемі тұрақты түрде жыл сайын 13-15 пайыз өсім көрсетіп отыр», - деді мәжіліс депутаты.
Е.Тарасенконың сөзіне қарағанда, 1995-2014 жылдары аралығында бөлшек сауда көлемі 40 есеге артқан. Сондықтан да бүгінгі Үкіметтің басты міндеттерінің бірі отандық азық-түлік тауарлары нарығын кеңейту үшін барлық жағдай жасау болып отыр.