Қазақстанның саяси жаңғыру қарқыны ОА елдеріне үлгі болуда - румын саясаткері

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 ақпанда Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашев Румынияның Сыртқы істер министрі Теодор-Виорел Мелешканумен кездесіп, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуының 25 жылдығын үстіміздегі жылдың 15 шілдесінде мерекелеу турасында екіжақты ынтымақтастықтың жәй-күйін талқылады.

Қазақстанның саяси жаңғыру қарқыны ОА елдеріне үлгі болуда - румын саясаткері

Қазақстандық дипломат Румынияның сыртқы саяси ведомство басшысын елімізде жүргізіліп жатқан билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша Конституциялық реформа турасында, Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ел халқына Жолдауының негізгі қағидалары туралы, сондай-ақ бес институционалды реформаларды іске асыру жөніндегі Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы жөнінде әңгімеледі.

Тараптар алдағы өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде Румынияның қатысу мәселелерін, Қазақстанның бастамаларын, және де, ең біріншіден, Қазақстанның 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес  мүшелігі турасында көпжақты өзара ықпалдастықты талқылады. 

Теодор Мелешкану Қазақстанның сыртқы саяси қызметін соның ішінде, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларын жоғары бағалап, олардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Министр Конституциялық реформаларға қатысты пікірін білдіре келе,  Елбасының ұсыныстары қазақстандық қоғамның келешек демократизациялануына дайындығы жөніндегі Еуроодақ елдеріне анық белгі жолданылып, бұл Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім турасында айрықша өзекті болып отырғандығын жеткізді. 

Президент Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігін және оның «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» жолдауының маңыздылығын атап өтіп. Румын саясаткері атап өткендей, экономикалық дамудың қазақстандық моделі мен саяси жаңғыру қарқыны посткеңестік кеңістік елдеріне және де ең алдымен, Орталық Азия өңірі елдеріне үлгі болуда.