Қазақстанның сенімді кибер қалқаны қажет - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сенімді кибер қалқаны қажет. Бүгін алтыншы сайланған ҚР Парламентінің үшінші сессиясын ашу барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Соңғы кезде цифрландыру, елдің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері өзекті болып отыр. Сондықтан да Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Үкіметке бұл бағыттағы шаралармен айналысу керек. Бұл мәселе мемлекет қауіпсіздігі үшін қауіпті іске айналуда, жалпы мұндай жағдай өзге елдерде де байқалуда. Алпауыт мелекеттер оның зардабын көруде. Ұлт жоспарында ақпараттық қоғамды дамыту бойынша нақты мақсаттар қойылған, заң жобасы қаралып жатыр. Алайда бұл мәселенің басқа да тұстары бар. Тек соңғы үш жылда интернетте құқыққа қайшы контент көлемі 40 есеге өсті. Ендеше, бізге Қазақстанның сенімді кибер қалқаны қажет. Біз оны құру қадамдарын кейінге қалдыра алмаймыз. Осы орайда еліміздің мүддесін, мәдениетін, құндылықтарын қорғауымыз керек», - деді ҚР Президенті Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы қазіргі заманғы әлемдік соғыстар әскери техникамен немесе сарбаздармен емес, соңғы буынды технологияға сүйенген ғаламтор желісімен жүргізілетінін атап өтті.

Елбасының пайымынша, қорғаныстық аэроғарыштық өнеркәсібіне ерекше назар аудару керек.

«Саланы дамыту үшін тиісті министрлік құрылды. Қажетті келіссөздер жүргізілуде. Бұл министрліктің жұмысын толыққанды жүргізуге мүмкіндік беретін заң жобасы биыл Парламентке енгізіледі», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар