Қазақстанның шахмат құрамасы Азия халықтары кубогының алтынын ұтып алды
«Біздің шахматшылар бірліктің рухын көрсетті. Қытай командасын жеңу - үлкен жетістік, өйткені олар шахмат бойынша әлемдік рейтингте үшінші орында тұр. Ал біз қырық бесінші сатыдамыз. Командалар арасындағы айырмашылық - шамамен 200 пункт. Бұл сайыс командалық жарыстар жеке жарыстардан өзгеше болатынын және тек қана жұлдыздар жиналған команда үнемі жеңе бермейтінін көрсетті», - деді ҚР шахматтан ерлер командасының жаттықтырушысы Серікбай Темірбаев.
Оның айтуынша, біраз уақыт үзілістен кейін Қазақстан командасы Азияда қайтадан жеңімпаз болды, осы арқылы еліміздің шахмат мектебі тиісті деңгейде екенін, керек кезінде жаңа таланттарды тәрбиелеп шығара алатынын көрсетті.
«Қазақстан шахмат құрамасы - ең жас құрамалардың бірі. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша, ол жас шамасы жағынан әлемдегі екінші жас команда. Ал ең жас құрама атағы қазір Түркияда», - деді С. Темірбаев.