Қазақстанның шахматшы қыздары Әлем құрамасына қарсы ойнайды

None
Видеодан алынған кадр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шахматтан Қазақстанның қыздар құрамасы Әлем құрамасына қарсы ойнауы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Jibek Joly арнасына берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, мен бізде мықты қыздар құрамасы бар екенін сөзсіз мақтан етемін. Бүгін басталған шараның аясында біздің қыздар әлемнің қыздар құрамасын жекпе-жекке шақырмақшы. Шын мәнінде бір кездегі Кеңес одағының құрамасынан басқа ешкімнің мұндай жекпе-жекке дәті барып көрмеген. Біздің қыздар құрамамыз да, Жансая да, Бибісара да фантастикалық нәтиже көрсетіп жүр. Тек қыздар деңгейінде ғана емес, ерлер деңгейінде де мықты көрсеткіште тұр», - деді Тимур Турлов.

Сондай-ақ ол сұхбат барысында Астана қаласының шахматтан әлем чемпионаты өтетін орын ретінде неліктен тағдалғанын түсіндірді.

«Біз Астанада шахматтан Әлем чемпионатын өткізу үшін жаңа жылдың қарсаңында таласқа түстік. Шешім қаңтарда қабылданды. Біздің түсінгеніміз бойынша, еліміздің географиялық жағдайы осындай шешім қабылдаудағы басты фактордың бірі болған. Бұл жарыста Қытайдың гроссмейстертері мен Ресейдің гроссмейстері Әлем чемпионы деген атақ үшін күш сынасуы керек. Біз сол екі шебердің жолының қиылысында тұрмыз», - деді федерация президенті.


Соңғы жаңалықтар