Қазақстанның шахматтан әйелдер құрамасы олимпиада алтынын иеленуге қауқарлы

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның шахматтан әйелдер құрамасы олимпиада алтынын иеленуге қауқарлы.

Қазақстанның шахматтан әйелдер құрамасы олимпиада алтынын иеленуге қауқарлы

Бұл туралы бүгін елордада аяқталған жедел шахматтан және блицтен әлем чемпионатының қорытынды баяпасөз мәслихатында FIDE Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов айтты.

Оның пайымынша, еліміздің әйелдер құрамасы ерлер құрамасына қарағанда 2 сатыға жоғары тұр. «Олар Азия чемпионатында, әлем чемпионаттарында өздерін көрсетіп жүр. Менің ойымша, таяу олимпиадалардың бірінде Қазақстанның шахматтан әйелдер құрамасы алтын медаль  алып қалар», - деді ол.

Сонымен қатар  FIDE президенті елімізде әйелдер мен ерлер шахматын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіліп отырғандығына сүйсінетінін жасырмады.

«Бұл жерде керемет жағдай жасалған. Президент те, Үкімет те, министр де, журналистер де жан-жақты қолдау көрсетуде. Енді тек шахмат ойнап, алтын медаль иелену ғана қалды», - деді К.Илмжинов.