Қазақстанның шалғай ауылдарына ұтқыр медициналық бригадалар барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында жыл сайын Қазақстанда 1 шілдеден 31 тамызға дейін елдің ауыл халқы үшін «Денсаулық жолы» кең ауқымды акциясы өткізіледі.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығының баспасөз қызметінен хабарлады. «Биылғы жылы өткізілген «Денсаулық жолы-2014» ақпараттық-коммуникациялық науқанының негізгі мақсаты қан айналымы, қант диабеті, ісік аурулары және аурулардың қатерлі факторлары жүйесінің алдын алуға бағытталды», - деп хабарлады СӨСҚМ ҰО баспасөз қызметінен.
Бұл науқанда терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық және онкологиялық қызметтердің, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің мамандарының тартылуымен шалғай ауылдарға ұтқыр медициналық бригадалар шығарылмақ.