Қазақстанның Шекара қызметі шекарадан 9 келі героин алып өтпек болған екі ер азаматты ұстады

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанмен арадағы мемлекеттік шекара арқылы 9 келіден астам героин алып өтпек болған екі ер азаматты ұстады,

Қазақстанның  Шекара  қызметі    шекарадан 9 келі  героин алып өтпек  болған  екі  ер азаматты  ұстады

деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеттің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, ақпанның 5-і күні "Қордай" шекарашылар отрядының жасағы Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған "Ниссан" автокөлігін тексеру барысында жалпы салмағы 6 келі 828 грамм героин тәркіледі, - делінген комитеттің хабарламасында.

Сондай-ақ, ақпанның 6-сы күні "Мерке" шекарашылар отрядының шекарашылар жасағы Қазақстанға автокөлікпен бет алған Қырғызстан азаматын ұстады. "Оның заттарын тексеру барысында астары бар сөмкеден жалпы салмағы 2 келі 506 грамм героин тәркіленді", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.