Қазақстанның шекарасын заңсыз кесіп өткен Қытай азаматтары ұсталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар шекараны заңсыз - өткізу бекетін айналып кесіп өткен болып шықты.
Сол күні түнде Үшарал шекара отряды «Сарыбухтер» заставасының учаскесінде Қазақстанға салт атпен бет алған бес Қытай азаматын ұстады. Олар да шекараны өткізу бекетін айналып өткен болып шықты. Қазір аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ал шілденің 12-сінде Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының Сарыағаш шекара отряды учаскесінде шекарашылар мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің және миграциялық полицияның қызметкерлері бірлесіп, 88 Ауғанстан, 8 Өзбекстан азаматын ұстады. Олардың барлығы біздің елдің аумағында құжатсыз жүрген. Тергеу амалдары жүргізілуде.