Қазақстанның шекарасынан 80 шақырым жерде, ҚХР аумағында жер сілкінді

АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат -  ҚР Ядролық Орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Ұлттық Арнайы сейсмикалық ақпараттарды жинау және өңдеу орталығы таратқан жедел мәліметтерге қарағанда,

Қазақстанның шекарасынан 80 шақырым жерде, ҚХР аумағында жер сілкінді

бүгін Астана уақыты бойынша сағат 15-12-де (Гринвич уақыты бойынша сағат 09.12-де) Қытайдың аумағында, Қазақстанның шекарасынан 80 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық мәліметтер орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы: солтүстік ендігінің 46,76 градусы, шығыс  бойлығының 86,68 градусында орналасқан.. Магнитудасы mb=4,1 құрады. Энергетикалық класы -  K=10.