Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде найзағай жарқылдап, жел күшейеді деп күтілуде - 25 мамырға арналған ауа-райы болжамы

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Республиканың шығыс және оңтүстік бөлігі 25 мамырда атмосфералық ағындар ықпалында қалады, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейеді, найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі Казгидрометке сілтеме жасап.
None
None

Қалған аумақта антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, түнде Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі.

Атырау облысында кей жерлерде жел күшейеді, күндіз шаң көтеріліп, дауыл соғады.

Республиканың батысы мен оңтүстігінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өзендерде су көлемінің тұрақсыздануы күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде (Қара Ертіс, Бұқтырма, Оба, Үлбі, Тұрғысын және т.б.) жауын-шашынға байланысты су деңгейінің көтерілуі жалғасады, кей өзендерде су тасуы және су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қазақстанның жазықты аумағының өзендерінде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтар өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар