Қазақстанның шығысы мен орталығы циклонның ықпалында болады - 5 мамырға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РММ-нің мәліметіне сәйкес, 5 мамырда республиканың шығыс аудандары мен Қазақстанның орталығы циклонның ықпалында болады.
Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде құмды дауылмен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау, Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде тұман түседі.
Алдағы 3 тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.