Қазақстанның шығысында -5 градусқа дейін үсік жүреді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 18-19 мамырда Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында -5 градусқа дейін үсік жүреді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Осы уақытта күндізгі ауа райы 4-7 градус жылы болып тұр. Солтүстіктен салқын жел соғады.