Қазақстанның шығысында бұршақ түсуі мүмкін, найзағай жарқылдап, жел күшейеді - 5 шілдеге арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның батыс және шығыс бөлігі атмосфералық фронтальдық бөліктердің ықпалында болып, олармен бірге кейбір жерлерде жаңбыр жауады, республиканың шығысында бұршақ түсуі мүмкін.

Кейбір жерлерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысында кейбір жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде күн қатты ысиды.

Жақын тәуліктерде Шығыс Қазақстандағы өзендерде, соның ішінде Оба өзенінде орын алған жаңбырға байланысты су деңгейі көтеріледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.

Соңғы жаңалықтар
telegram