Қазақстанның шығысында бұршақ жауып, батысында - аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуімен Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында және орталығында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді, тұман түседі, шығыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның шығысында бұршақ жауып, батысында -  аптап ыстық болады

Қарағанды, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа, ұйытқуы 25 м/с-қа дейін жетіп, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі күтіледі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында күшті ыстық болады.

Республиканың оңтүстігінде, батысында, солтүстік батысының кей жерлерінде, оңтүстік-шығысында және орталығында өте күшті аптап ыстық сақталады.