08:04, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде циклонның әсерінен күн күркіреп, жел тұрады - синоптиктер
ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аудандарының аумағы атмосфералық ағынның бөлінуінен циклонның ықпалында болып, жаңбырға, күн күркіреп, желдің күшеюіне әкеп соғады.

Республиканың басқа облыстарында жылы және жауын-шашын болмайды, деп хабарлады ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында бірқатар жерлерде жел екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының кейбір аудандарында секундына 18 метрге дейін ұйтқып жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады. Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы өзендердің көбінде су деңгейінің өзгеруі байқалады.