Қазақстанның солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады - 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында 26 ақпан күні ауа райының тұрақсыз сипаты болжамдалады, кейбір жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді.
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсуі, көктайғақ болуы, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын көтеріліп, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі.
Қостанай облысының кейбір жерлерінде бұрқасын, жел, түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысының кейбір жерлерінде тұманды болады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейлерінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер байқалмайды.