Қазақстанның солтүстігі мен шығысында бұрқасын тұрып, көктайғақ болады деп күтілуде - 26 қарашадағы ауа райы болжамы

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстігі мен шығысында 26 қарашада бұрқасын тұрып, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында бұрқасын тұрып, көктайғақ болады деп күтілуде - 26 қарашадағы ауа райы болжамы

Синоптиктердің хабарлауынша, Ақмола облысында кейбір жерлерде тұман тұрып, көктайғақ болады, Павлодар облысында бұрқасын болып, секундына 15-20 метрлік жел тұрады. Солтүстік Қазақстан өңірінде кейбір жерлерде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші секундына 17-22 метрге дейін жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, түнде Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе өңірінде кей жерлерде тұман болып, күндіз жел күші секундына 15-20 метерге жетеді.

Қостанай облысында тұман, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін, Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде жел күші 17-22 метрге дейін жетеді.

Алматы облысында түнде кейбір жерлерде тұман, ал Жалаңашкөл ауданында - секундына 17-22 метрлік оңтүстік-шығыс желі еседі.