Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн суытады

ТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн суытады,

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн суытады

деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Түнде Қостанай облысының кей аймақтарында 0 -2˚-ге дейін суытады. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында температура кей жерлерде 0-3˚-ке дейін барады.

Қазақстанның басым аумағының ауа райы антициклонның ықпалында болады. Республиканың шығыс бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел тұрады.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, орталық пен оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде аса жоғары өрт қауіпі жағдайы қалыптасады.

Астанада ертең жауын-шашынсыз. Көшпелі бұлт шығып, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауаның температурасы түнде 3-5˚, күндіз 14-16˚ жылы.