Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, жел күшейеді

Солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Павлодар облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік-батыста кей жерлерде күн 0-3 градусқа дейін суытады. Республиканың оңтүстігінде, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.