Қазақстанның солтүстігінде қатты бұрқасын болады - Қазгидромет
Қазақстан территориясының солтүстікке, ортасына, шығысқа циклон жырасы әсер етеді, сонымен байланысты қар жауады, түнде Ақмола облысының кей жерлерде қатты қар жауады. Батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте және ортасында бұрқасынмен күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да жоғар болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары күтіледі, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, Павлодар облысында көктайғақ күтіледі, Қарағанды облысында тұман түседі.
Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында тұман болады.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болжанады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.