Қазақстанның солтүстігінде кей жерлерде 0-2 градусқа дейін қатқақ болады - 16 қыркүйектегі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні, 16 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз болуы күтіледі, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстігінде және шығысында ғана күн ашық болады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақсан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облыстарында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, түнде кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде күн тұманды болады. Солтүстікте кей жерлерде 0-2 градусқа дейін қатқақ болады. .
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында, және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Таяудағы тәуліктерде оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыс аймақтардағы тау өзендерінде гидрологиялық режимде елеулі өзгерістер болмайды.