Қазақстанның солтүстігінде күн күркіреп, жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні, 3 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның солтүстігінде күн күркіреп, жауын жауады

Қазақстанның кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде - тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, түнде Жамбыл облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркірейді, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде күн күркірейді. Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсуі күтіледі.

Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.