Қазақстанның солтүстігінде күн суытады - 19 тамызға арналған ауа райы болжамы
ТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігіне циклон әсер етеді, жаңбыр жауып, күн күркіреп, желдің күші арта түседі, республиканың солтүстігінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 19 тамызға арналған ауа райы болжамында.
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағандыда, түнде Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде 15-23 м/с жылдамдыққа дейінгі күшті жел тұрады.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында 15-20 м/с күшпен жел соғады. Дауыл тұруы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей аумақтарда - тұман түседі.
Ал Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.
Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша, бүгін елдің оңтүстігінде, Ақтөбе, Алматы облыстарының басым өңірінде, сонымен бірге Атырау, Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында өрт қаупі өте жоғары болады.