Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяудағы үш күнде қазақстандықтардың күз ызғарын сезінуіне туа келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы төмендейді

«Батыс Сібірдегі циклонға байланысты Қазақстанның көптеген облыстарында салқын атмосфералық ағындардың әсері бұрынғыша жаңбырға, кейде оның соңы жабысқақ қарға әкеліп соғады. Солтүстіктен соққан жел орталық, солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасының түнде 0-8 градусқа дейін төмендеуін туындатады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандардың кейбір жерлерінде де қатқақ түсіп, таулы өңірлерде жаңбырдың соңы қарға айналады