Қазақстанның солтүстігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, найзағай, желдің күшеюі күтілуде, бұршақ болуы мүмкін. Кей жерлерінде тұман түседі.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Кей жерлерде тұман, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, найзағай болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.
Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с болады.