Қазақстанның солтүстік аймағында суық циклонның ықпалы сақталады деп күтілуде - 28-ші қаңтарға арналған ауа райы

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, 28 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағы арқылы атмосфералық ағымдардың өтуне байланысты күн райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Республиканың солтүстігіне суық антициклонның ықпалы сақталады.

Қазақстанның солтүстік аймағында суық циклонның ықпалы сақталады деп күтілуде - 28-ші қаңтарға арналған ауа райы

Қар жауып, тұман болады. Еліміздің шығысында қарлы боран болды деп күтілуде. Республиканың солтүстігіне суық антициклонның ықпалы сақталады.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Қарағанды  облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайтын болады.

Маңғыстау облысының кей аумақтарында көктайғақ, қарлы боран болжануда, сондай-ақ 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, Оңтүстік қазақстан облыстарында тұман, 15-20 м/с жел болады деп күтілуде. Ал Атырауда қарлы боран болуы мүмкін.

Алматы облысында күшті аяз сақталады.

Қаңтардың 27-і мен 30-ы аралығында Алматы облысында көлдерде мұздың еруіне байланысты қауіптің салдарынан су басу жағдайлары болуы мүмкін.