Қазақстанның солтүстік аймақтарында боран соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал, тұман түсіп, жел тұрады. Тек, Қазақстанның батысы, оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады деп, хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжауынша, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысының кей аймақтарында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, жер тайғақ болады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей тұстарында, ал Алматы облысында түнде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының да кей аймақтарын тұман басып, көк тайғақ болуы мүмкін.