Қазақстанның солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болып, жел күшейеді - 15 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - 15 қазан күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республикамыздың солтүстік-батысы мен оңтүстік аумағында жауын жауып, жел күшейеді.

Қазақстанның солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болып, жел күшейеді - 15 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның қалған аумағы жоғары қысымның ықпалында болып, жауын-шашынсыз күн райы күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кейбір жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықтағы жел соғады.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 18-23 метр, кейде 28 метр жылдамдыққа жетеді.

Түнде Қарағанды облысының кей жерлеріне тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 0-3 градусқа дейін суытады.