Қазақстанның солтүстік бөлігінде аяздың беті қайтады - Қазгидромет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның солтүстік өңірінде аяздың беті қайтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның солтүстік бөлігінде аяздың беті қайтады - Қазгидромет

«Қарағанды облысының аумағындағы антициклон аязды ауа райын сақтай отырып, Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Орталығы Скандинавия үстінде орналасқан циклон тек солтүстік аймақтарға жылжиды. Сондықтан мұнда қарлы боран, желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі», - делінген хабарламада.