Қазақстанның солтүстік бөлігінде күн суытады - 26 мамырға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен 26 мамыр күні кейбір жерлерде найзағай жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Шығыс бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік бөлігінде түнде кейбір жерлерде қатқақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, түнде Батыс Қазақстан, күндіз Алматы, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады деп күтіліп отыр.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде түнде ауаның температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде өрттің төтенше жоғары қауіптілігі сақталуда.
Жақын үш тәулікте Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы жекелеген таулы өзендерінде және Батыс Алтайдағы (ШҚО) көптеген өзендерде жаңбырға байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Бұрын хабарланғандай, 25-26 мамыр түндерінде Ақмола, Қостанай облыстарында ауа температурасының 2-7 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, кейбір жерлерде 10 градус жылылықты көрсетеді.
25-27 мамыр күндері Павлодар облысында ауаның температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді, 26-27 мамыр күндері 0-2 градусқа дейін салқындайды.
27 мамыр түнінде Шығыс Қазақстан облысында ауаның температурасы 3-8 градус жылылықты көрсетеді, кейбір жерлерде 0-2 градус суық болады.