Қазақстанның солтүстік бөлігінде таяудағы үш күн жауын-шашынды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 28-30 маусымға арналған ауа райы болжамын таратты.
None
None

Синоптиктердің айтуынша, Батыс Сібірге терең және  белсенді циклон орналасқан.  Соған байланысты атмосфералық ағындар Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс облыстарына ықпал ететін болады. Жауын-шашынды болып, найзағай ойнап,  жер-жерде жел күшейіп, бұршақ түседі, температура қалыптағы нормадан 2-4ºС-қа төмендейді деп күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жоғары атмосфералық қысым ықпалымен ауа райы ыстық, жауын-шашынсыз болады деп болжанады.

 

Соңғы жаңалықтар