Қазақстанның солтүстік, шығыс, батыс және орталық аймақтарында бұрқасын, ал оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады деп күтілуде

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін, ақпанның 5-і күні Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтары атмосфералық ағым бөліктерінің ықпалында болады.

Қазақстанның солтүстік, шығыс, батыс және орталық аймақтарында бұрқасын, ал оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады деп күтілуде

Ал ресубликаның қалған аумақтарының ауа райын антициклон тарамдары анықтайды.

Мәселен, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде.

Маңғыстау облысында - кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, желдің екпіні 17-22 м/с болады.

Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында бұрқасын сақталады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысында кей аумақтарда тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с.